Семейде полицейлер мен еріктілер үш баланың анасын осымен төртінші күн іздестіріп жатыр. Динара Әубәкірова үйінен 20 тамызда шыққан, содан бері оралмады, деп хабарлайды Tengrinews.kz Устинка LIVE-қа сілтеме жасап.
Еріктілердің айтуынша, 38 жастағы әйел 20 шілдеде кешкі сағат 17.00-ге таман Нахаловка ауылында үйінен шыққан. Өзімен телефон, құжаттарын алмапты. Белгілері: бойы шамамен 170 сантиметр, шашы қарақоңыр. Маңдайының оң жағында тыртық бар. Жоғалып кеткен күні әйелдің үстінде ақ жемпір мен ашық қоңыр шалбар болған.