|
21.12.2016 | 10:21
1862

«Алматы Тауэрс» ғимаратында қапыда қаза тапқан студенттің туыстары Тұяқовқа кешірім берді

«Алматы Тауэрс» ғимаратында қапыда қаза тапқан студенттің туыстары Тұяқовқа кешірім берді

«Алматы Тауэрс» ғимаратында қапыда қаза тапқан студенттің туыстары Дәурен Тұяқовқа кешірім берді. Бұл туралы біздің арнаға күдіктінің қорғаушысы Жохар Өтебеков айтып берді. Қара жамылған отбасылар өрттің абайсызда болғанын айтып, күдіктіге кешіріммен қарапты. Дәурен Тұяқовтың өзі қазір уақытша тергеу изоляторында. Оған қатысты сот алды тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.                                        

«Марқұмдардың туыстары Тұяқовқа кешірім берді. Алайда, ол қылмыстық істі тоқтатуға мүмкіндік бермейді. Мен күдіктіге тағылған айыптың ешбірімен келіспеймін. Және сотта өз уәжімді міндетті түрде айтатын боламын. Әзірге, Тұяқов  тергеліп жатыр. Сот прцесінің нақты қашан басталатынын айта алмаймын», - деді заңгер Жохар ӨТЕБЕКОВ.

Марқұм студенттің туыстары Дәурен Тұяқовқа кешірім берсе де, күдікті қылмыстық жауапкершіліктен құтылып кете алмайды. Оған қатысты қозғалған іс - тараптар ымыраласса да, доғарылмайды. Ол «Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзды» деген айыппен қамауға алынған. Есте болса, 6 қараша күні «Алматы тәуерс» ғимаратының жоғарғы қабатында өрт болған еді. Салдарынан 6 адам қаза тапқан. Тілсіз жаудың тұтануына қауіпсіздік талаптарының сақталмауы түрткі болыпты. Ізінше, өртке кінәлі деген күдікпен «Батут» компаниясының басшысы Дәурен Тұяқов қамауға алынады. Егер күдікнінің айыбы дәлелденсе, ол 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.  


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир