Таразда болған дауыл 3 адамның өмірін қиып, бірнеше адам зардап шекті

Таразда болған дауыл 3 адамның өмірін қиып, бірнеше адам зардап шекті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Таразда болған дауыл 3 адамның өмірін қиып, бірнеше адам зардап шекті. Өңірлік Төтенше Жағдайлар Департаментінің мәліметі бойынша, облыс орталығында желдің жылдамдығы секундына 27 метрге дейін жеткен. Жойқын құйын ағаштарды тамырымен қопарып, көліктерді төңкеріп тастаған. Тіпті көп қабатты ғимараттардың шатырын жұлып әкеткен. Қалада электр желілері мен газ құбырлары істен шыққан. 

«Қазіргі таңда барлық ажыратылған электр желілері қалпына келтірілді. Арнайы комиссия атқарылып жатқан жұмысқа бақылау жүргізуде.  Премьер-министр облыс әкіміне бірқатар тапсырмалар беріп, қосымша іс-шаралар ұйымдастыруды тапсырды. Сондай-ақ, табиғи апат салдарынан көз жұмғандар отбасыларына көмек көрсетіледі»,- деді ҚР ішкі істер министрінің орынбасары, Юрий ИЛЬИН.

Ал, Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев жағдайды өз бақылауына алатынын жеткізіп, табиғи апат салдарын жою үшін атқарылып жатқан жұмыстарды уақытылы әрі сапалы жүргізуді тапсырды. Қазіргі уақытта облыстың төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері апат салдарынан қалпына келтіруге жұмылдырылуда.

«Авариялық тобы яғни 20 адам және 6 бірлік техника күшімен 101 өтініш қайта қалпына келтірілді. 21 адам және 8 суару автокөлігі, 2 автовышка, 2 трактор күшімен көшелердегі құлаған ағаштардығ, бұтақтарды, қоқыстарды тазарту жұмыстары жүргізілді»,- деді Жамбыл облысы тжд мемлекеттік тіл және ақпарат тобының бас маманы, Аида ҚҰДАЙҚҰЛ.




 

Новости партнеров