Қазақстанның экс-премьер министрі, он жылға сотталған Серік Ахметов 21 қыркүйекте бостандыққа шығатын болды. АК 159/18 колониясында жабық сот отырысы өтіп, Серік Ахметовті өзіне қатысты жазаның өтелмеген бөлігін шартты айыпқа ауыстыру туралы мәселе қаралған. Қарағанды облысы Абай аудандық сотының мәлімдеуінше, Қылмыстық кодекстің 73 бабына сәйкес, сотталушы жазасының кемінде үштен бір бөлігін өтеп, келтірілген шығынды толық өтеген жағдайда, оның жазасын жеңілдетуге болады. Әрі Ахметов түрмеде өзін тәртіпті азамат ретінде көрсетіп, мемлекетке келтірген материалдық шығынды толықтай өтеген. Естеріңізде болса, апелляциялық инсстанция бұған дейін де оның жазасын сегіз жылға дейін қысқартып, аз уақыттан соң тағы бір жыл жеті айға азайтқан. Ал сот Серік Ахметовтің арызын қанағаттандырып, қалған төрт жыл 26 күндік жазасын бас бостандығынан шектеу туралы бапқа ауыстырды.