Шахан оқиғасына байланысты 5 шенді жауапқа тартылып жатыр

Шахан оқиғасына байланысты 5 шенді жауапқа тартылып жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шахан оқиғасына байланысты 5 шенді жауапқа тартылып жатыр. Қарағанды облысындағы елді- мекендегі жылу қазандығының жарылу фактісі бойынша кенттің әкімі, оның орынбасары, әкімдіктің бас маманы және тұрғын үй шаруашылық бөлімінің екі қызметкеріне "Қызметтегі әрекетсіздік"- бабы бойынша айып тағылуда. Дегенмен, олар өздерінің кінәсін мойындамайтын көрінеді. Бұл туралы күдіктілердің қорғаушысы мәлімдеді. Ал, айып тағылғандар әкімдікте жұмыс істеп жатыр екен. "Оларды ешкім қызметтерінен босатқан жоқ" - дейді әкімдіктің баспасөз қызметі. Естеріңізге сала кетейін, биылғы жылдың 1-ші қаңтарында аталған елді-мекендегі көп қабатты тұрғын үйлердің бірінде жылу қазандығы жарылған еді. Салдарынан 9 адам қаза тауып, екі адам зардап шеккен болатын. Қазігі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр. 

Новости партнеров