Шекара асқан Қазақстан азаматы сырқаттанған сәтте кез келген елдің медицинасына жүгіне алады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Олжас Әбішев мәлімдеді. 2019 жылдан бастап іске қосылатын электронды - медициналық карта әлемнің барлық аумағында жарамды болмақ. Ең бастысы жеке сәйкестіндіру нөмірі болса жеткілікті. Бұл жүйе бұдан өзге отандық дәрігерлерді қағазбастылықтан азайтса, екіншіден, ұзын-сонар кезектің қысқаруына септігін тигізбек. Айта кетерлігі, аталмыш тұжырымдама Астана мен Қызылорда қалаларының кейбір емханаларында пилоттық режимде іске қосылған.
«Мақсат - қазіргі жағдайда медициналық-электрондық төл құжаттың мекемеде алдын ала, сол мекемеге келер алдында қандай қызметтер көрсетілді, ол азаматтың қандай аллергиялық фоны бар және ол қандай дәрігерге емделді, қандай дәрілер қабылдағандығы туралы мәліметтер арқылы бүкіл мекемелерге қолжетімді болады», - деді ҚР ДСМ «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК директоры Олжас ӘБІШЕВ.