Шекарада Қырғызстаннан келетін азық-түлік жіті тексерілуде

 Шекарада Қырғызстаннан келетін азық-түлік жіті тексерілуде
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Көрші Қырғызстаннан тасымалданатын әрбір тоғызыншы жеміс өнімінен карантиндік белгілер анықталады. Қазір елімізге өнімдер тек Қырғызстаннан ғана емес, Өзбекстаннан, Ресейден және Тәжікстаннан тасымалданады.  Дегенмен өзге елдермен салыстырғанда Қырғызстаннан жеткізілетін өнімдерде карантиндік аурулар жиі тіркелетін көрінеді. Жауаптылар тіпті салыстырып та көріпті.

«Бұл жерде тексеру жасауға болады. Қырғызстаннан келетін зиянкестердің түрлері көп. Соған байланысты кішкене қадағалауды көбірек жасау керек деп есептеймін», - деді«Республикалық карантиндік өсімдіктер орталығы» мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары Бауыржан ҚАЛИЕВ.

Ал, ауылшаруашылығы министрлігі Қырғызстаннан импортталатын азық-түліктердің Қазақстандағы баға саясатына еш әсер етпейтінін айтуда. Өйткені тасымалданатын өнімдердің мөлшері аз. Ал «кедендегі ахуалдың саяси астары жоқ», - дейді ведомоства басшысы. Тек қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тексерісті үдетуге міндеттіміз дегенді алға тартты.

«Көкөністің көпшілігі өзімізден шығарылады. Қазір жиын-терімнің кезі. Екіншіден біз импортты тек қана Қырғызстаннан ғана емес, басқа да жақтан келетіні бар. Соның ішінде Өзбекстан, Тәжікстан, басқа да мемлекеттер бар. Сондықтан, Қырғызстан ғана болса айтуға болар еді. Ол елден бізге келетін азық-түлік өте көп емес. мен ойлаймын, қазіргі орын алып отырған жағдай бағаға байланысты қиындық туғызбау керек», - деді ҚР ауыл шаруашылығы министрі Асқар МЫРЗАХМЕТОВ.


Новости партнеров