Азиада-2018: ел қоржынына 6-шы алтын түсті

Азиада-2018: ел қоржынына 6-шы алтын түсті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Индонезияда өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарында бүгін Қазақстан қоржынына 6-шы алтын медаль түсті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

ҚР Ұлттық Олимпиадылқ комитеттің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, бүгін Жакартадағы жарыста каратеден 68 келіде сынға түскен Гузалия Ғафурова Азия ойындарының чемпионы атанып, ел қоржынына 6-шы алтын медальды сады. Ол финалда қытайлық спортшы Танг Линглингті ұтып кетті.

Естеріңізге сала кетейік, Гузалия бірінші айналымда өзбекстандық қарсыласын 3:0 есебімен жеңді. Екінші айналымда қазақстандық спортшы Иран өкілінен басым түсті. Ал жартылай финалда вьетнамдықпен кездескен Ғафурова 8:5 есебімен жеңіске жетті.

Қазақстан құрамасы Индонезияда өтіп жатқан Азиада-2018 ойындарының жалпы қорытындысы бойынша 6 алтын, 8 күміс және 28 қола медальмен жалпы есепте 11-ші орынды сақтап тұр.


Новости партнеров