Алтыншы бекеттегі атыстан аман қалған азамат! Осыдан 8 жыл бұрын елді дүр сілкіндірген оқиғаға нүкте қойған колония қарауылы Ербол Отарбаевтың ерлігі еленді. Небәрі 19 жастағы жігіт жалғыз өзі қарулы қылмыскерлерге қарсы тұрып, 40-тан астам қашқынды тоқтатқан. Батырдың болмысына халық таңдай қақса, елбасы оны «Айбын» орденімен марапаттаған еді. Осы шынайы оқиға негізінде түсірілген әскери фильмнің таныстырылымы Алматыда өтті.
Бұл 2010 жылдың 22 маусым күні таңғы төртте Ақтаудағы қатаң тәртіптегі колонияда болған атыс. Бір топ жазасын өтеуші, темір тордан қашпақ болған. Қан төгіс кезінде қарулы қылмыскерге қарсы тұрып төтеп берген бір ғана батыр болды. Ол сол күні елдің ұйқысының тышытығын сақтау үшін күзетте тікесінен тік тұрып, азаматтық борышын адал атқарған жас сарбаз Ерлан Отарбаев еді.
«Жазасын өтеушілер әдейі таңғы 4-те қашуды жоспарлаған. Олар бірінші трансформаторды жарды. Негізінен 21 жазасын өтеуші қашты. Ербол Отарбаев алғашында ескертпе үшін жоғарыға қарай оқ атқан кезде, кері шегінгендері қалды да, қалғаны қашқанымен, кейіннен бәрі де ұсталды», - деді ҚР Ұлттық ұланы бас қолбасшысының орынбасары Мұхаметқали САТОВ.
«Алтыншы бекет» деп аталатын бұл туынды да, темір тордан қашуды ұйымдарстырғандардың жалпы саны негізі 60 адам болған. Атылған оқтың дауысын естіп үркігендердің 40-қы қалтырап қаша алмаған. Ал қалғандарының жолын бөгеу үшін арпалысқан Ербол жарақат алса да, әскери қызметін әлі жеткенше атқарды. Күзеттегі жігіттің қолындағы қаруында 21 ғана патрон болған. Одан да көп болғанда, Ата заңды аттағандардың колония табалдырыған сытылуына жол беріп қоймауға болар еді. Осыны осы оқиғадан кейін ескерген Қорғаныс министрлігі бүгінде сарбаздарға 60 оққа дейін қолдануға рұқсат беріпті. Көркем фильмде қашқындардың қитұрқы әркеті боямасыз көрсетілсе, шындық та бүкпесіз ашылып шыға келген.
«Ерболдың жасында осындай ерлік көрсетудің өзі елдің мақтанышына әбден лайық. Жас сарбаздарға автоматты қалай ұстау мен қалай ату керектігі ғана үйретілген. Десе де, суық қаруды қолға ұстап жәй ғана тұрмайды, оның әрбір сәті өміріне қауіп төндіреді. Сондықтан кастинг барысында, біз тек актердың сырт келбетіне ғана қарап қойған жоқпыз, біздің басты мақсат-басты кейіпкердің образын аша алатын жұртқа мінезі арқылы жігер беретін адамды іріктеп алдық», - деді «Алтыншы бекет» фильмінің қоюшы-режиссері Серікбол ӨТЕПБЕРГЕНОВ
Ербол Отарбаевтың ұлты үшін жанқиярлық ерлігі кімге де болсын үлгі. Оқ тиіп жараланса да, қызметінің қаншалықты қауіпті екеніне көзі жетсе де кері шегінбейтін нағыз хас батыр 3-ші дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды. Бойында қайтпас қайсарлығы бар қайратты жігіттің қорықпай, сотталғандарға қарсы тұратынын қашқындар ойламаса керек.
«Мысалы, сарбаздық міндет, жауынгерлік міндет. Командирдың бұйрығы, қабылдаған әскери антың, әке-шешеңнің тәрбиесі, мектептің тәрбиесі осының бәрін алғанда қорқыныш сезімін жеңе аласың. Сотталған азаматтар бізді менің 19 жасар екенімді, жас екенімді. Сондықтан да, олар ойлады сарбаз қорқып қалады, біз қашып кетеміз деген ойда болды. Ұлттық ұланнң қандай жауынгері болса да, тығылмайды, ел үшін халық үшін еңбек етіп жүрміз. Әлі де талай еңбек етеміз», - деді ҚР Ұлттық ұланы әскери қызметкері Ербол ОТАРБАЕВ.
Кинода көрсетілген атыс та, жарылыс та бәрі шынайы түсірілген. Ал қашқын рөлін ойнаған Жасұлан Өмірбек екі апта бойы колонияда қылмыскерлермен бірге тұрып, тіпті образға кіру үшін жалғыз адамға арналған камерада бірнеше сағат отырып та көрген. Өлім аузынан аман қалған бүгінгі қазақ батыры туралы фильм еліміздің барлық кинотеатрларынан көрсетілмек.
Әйкерім Ердәулетқызы, Әсет Құндақбаев, «Алматы» телеарнасы