Алматының төл мерекесіне орай, шетелде аты танылған пианист отандасымыз арнайы келді. Ирина МореЛанд елге араға 22 жыл салып келіп отыр. Жамбыл атындағы мемлекеттік филармонияда Ирина және Халықаралық байқаулардың лауреаты Гүлжан Өзенбаева екеуі шетелдік шығармаларды орындады. Классикалық музыка кешін Алматы қаласының әкімі тамашалады.
¤¤«Мен Қырғыз елінде туып өскенмін. Алматыға 13 жасымда көшіп келдім. Музыкалық білімді осы жерде алдым. Қазақстан маған әрқашан ыстық. Отаным деп санаймын. Біраз жылдан бері шығармашылықты тоқтатқан едім. Енді қайта оралып жатырмын», - деді ¤ Колорадо музыка колледжінің профессоры (АҚШ) Ирина МОРЕЛАНД.