Шетелдік банкте құлыпқа түскен еліміздің қаржысы бұғаттан босатылды

Шетелдік банкте құлыпқа түскен еліміздің қаржысы бұғаттан босатылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шетелдік банкте құлыпқа түскен қазақстанның қаржысы бұғаттан босатылды. "Амстердам қаласының аймақтық соты молдовалық кәсіпкер Анатолий Стати мен Қазақстан билігі арасындағы жанжалдан кейін - ұлттық қорға тиесілі 22 миллиард долларға шектеуді шешті" - деп, әділет министрілігі хабарлады. Министрлік пен ұлттық банк 23-қаңтарда «Bank of new york mellon» қаржылық ұйымының кастодиалдық сақтауындағы қомақты қаржы мен бағалы қағаздарға қол сұқпау туралы өтініш жіберген еді. Енді міне, Нидерланды соты бұл өтініштің орынды екендігін мойындап, қаржы бұғатын алып отыр - делінген, әділет министрлігі таратқан ақпаратта. Жағымды ақпарат бойынша біз мәжіліс депутаттарының пікірін білдік. Бірі, Ұлттық қордың шетелдегі қаржысына еш қауіп төнбегендігіне сенімді болдым десе, екіншісі молдовалық кәсіпкермен арада болған жағдай бүкілімізге сабақ болуы тиіс дейді.

«Бұл 22 миллиард ақша - ол Қазақстанның меншігі. Және оның қайтатынына сенімдімін. Өйткені, бұл қаражатқа ешкімнің де, тіпті, сол сотқа берген адамдарға да ондай көлемдегі қарызы жоқ. Бұған қауіп жоқ. Бір ғана мәселе - осы банкі, арест қойған кезде, сол біздің алатын дивидендіміз кеміп қалды»,-деді ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты, ¤Омархан ӨКСІКБАЕВ.

«Статиге байланысты пікір алмасуға қатысқан жоқпын. Толық ішіндегі ақпаратты білмей отырмын. Меніңше, осындай жеке компаниялар арасындағы дауда біздің Ұлттық қорымыздың, яғни еліміздің болашақ ұрпағымыздың ақшасыменен ойнауға болмайды. Бұл Статидің жағдайы мен оқиға баршамызға және де тиісті мемлекеттік органдарға сабақ бослын»,-деді ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты, Азат ПЕРУАШЕВ.

Жалпы, Нидерланды соты бұдан бұрын молдовалық кәсіпкер Анатолий Статидің талабын орындап, қазақ активтеріне шектеу қоюға рұқсат бермегені мәлім. Кейін кәсіпкердің өзі де кейбір фактілерді жасырып, сотты жаңылыстырғаны әшкереленген. Нәтижесінде, Голланд соты Статидің өзін қазақстандық тарапқа түрлі шығындар үшін қаржы өтеуге міндеттеген еді. Статидің шағымы бойынша, Бельгияның сот органдары да ұлттық қор қаржысына  алдын ала шектеу қойған. Қазақстан үкіметі қазіргі кезде ол шешім бойынша да шағым түсіру жұмыстарын белгіленген тәртіпте жүргізіп жатыр. Бұған қоса, 2017- жылдың қазанында қазақстан-- статидің үстінен америка құрама штатарының федералды сотына да шағымданды. Естеріңізге салсақ, Ұлттық қор активтерінің бұғаттауына Қазақстан үкіметі мен молдовалық кәсіпкер Анатолий Статидің арасындағы бірнеше жылға созылған сот процесі себеп болған еді. Бизнесмен кезінде Қазақстанның мұнай-газ саласына инвестиция құйған. Айтуынша, қысым көрген себепті, инвестициядан игілік көрмеген. Алайда, ел билігі бұл айыптауды теріске шығарды.


Новости партнеров