Елдің бас санитарлық дәрігері шетелге сапар шеккен қазақстандық туристердің арасында менингококк инфекциясына шалдығу жағдайларын жоққа шығарды. Ал сырт елдерден инфекциялардың жұғып келу оқиғалар болды: холерадан 6, маляриядан 1 жағдай орын алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Кез келген белгі, яғни дене қызуы көтерілсе, бас ауруы, ішек инфекциясы білінсе турист сол елдің медициналық қызметіне жүгініп, тексеріліп, ем алуды бастап кетуі керек», - деп ескертті Жандарбек Бакишев. Бас санитарлық дәрігер елге енетін жұқпалардан аулақ болу керектігін айтып кетті. «Өткен жылы қаңтарда Еуропаға аттанған туристеріміз ол жақтан холераны алып келген. Биыл осындай 6 жағдай тіркелген. Жұқтырған алты науқастың төртеуі келісімен ауруханаға барған, қалған екеуімен қоса оларды да есепке тұрғыздық. Диагноз қойылғаннан кейін науқастар басқалардан оқшауланды. Малярияны да жұқтырған жағдай болды, оны да дәл солай анықтап, жұқтырған науқасты оқшауладық», - деді Ж.Бекишев. Оның айтуынша, инфекцияны алып келуден ешбір ел сақтандырылмаған. АҚШ-та осы іспеттес жүздеген жағдай тіркеледі. Олардың саны туристердің санына пара-пар. Ресейде жүзден астам жағдай тіркелген, оның бірі - өткен жылы келген Эбола, Денге. Қызметтер біздің елімізде мұндай оқиғалардың орын алмауы үшін және эпидемияның таралуын болдырмау үшін жұмыс жасап жатыр.
Фото: otirar.kz