Шикізат шығарумен ғана шектелмей енді отандық өнім түрлерін көбейтуге күш салмақ

11.01.2018 23:28

- Шикізат шығарумен ғана шектелген біздің ел - енді отандық өнім түрлерін көбейтуге күш салуы керек. Ол үшін жаңа технологияларды игеріп, өндіріс орындарына жаппай енгізу қажет. Бұл президенттің жолдауында көтерілген басты тақырыптардың бірі. Мемлекет басшысының мұндай міндет қоюына не түрткі? Алда қандай жайттарға жіті мән беруіміз керек? Жалпы, Елбасы жолдауынан кейін елде не өзгеруі мүмкін? Осы сұрақтарға жауап алу үшін студиямызға Парламент мәжілісінің депутаты Сәкен Өтебаев мырзаны шақырып отырмыз.

- Сәкен Нұриұлы, студиямызға қош келдіңіз. Президент атаған он міндеттің біріншісі - Қазақстан индустриясы жаңа технологияларды енгізуде көшбасшылық таныту керек. Бұл межеге жету қаншалықты қиын? Сында жұмыс істеген соң, мен ойлаймын жаңа технология еңгізу қажет. Екіншіден, Елбасының айтқан жолдауында цифрлы Қазақстан деген бар. Қазақстандағы өндіріске қажет деп ойлаймын.Себебі, олардың қажеттілігі энергетика саласына еңгізсе өзіндік құны төмендеп, тарифкеде әсерін тигізетін шығар. Индустрияландыру мен жаңа технология еңгізілгеннен кейін өндіріс салалардың жұмыстары тұрақты түрде, тиімді түрде жұмыс жасайды деп ойлаймын.   

- Әлемдік футурологтар, яғни болашақты бағдарлай алатын адамдар: "XI-ші ғасыр - тез бейімделу дәуірі" деп еді. Қазіргі кезде біздің ел жаңа технологияларды қаншалықты жылдам меңгеріп жатыр? Тың әдістер көбіне қай салада қолданылады?

- Бірінші мақсат, халықпен кездесу. Бір аптадай өндіріс ұжымдармен кездесу жүріп жатыр. Олардың мәселелерін, пікірлерін, ұсыныстарын бәрін жинақтап ертесі жұмысқа барғасын үкіметтің алдында көтеру. Екінші мақсат, мәжілістің қандай заң шығарып жатқанын, қалай жұмыс істеп жатқанын, соның бәрін халыққа жеткізу.  

- Сәкен Нұриұлы, уақыт бөліп студиямызға келгеніңіз үшін алғыс білдіреміз. Жұмыстарыңыз ілгерілей берсін.