|
29.08.2018 | 11:34
8302

1 қыркүйекте Павлодар облысының барлық мектебінде бір мезетте мемлекеттік ту көтеріледі

1 қыркүйекте Павлодар облысының барлық мектебінде бір мезетте мемлекеттік ту көтеріледі

Павлодар облысының мектептерінде алғашқы рет бір мезетте мемлекеттік ту көтеріледі, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Білім беру бөлімі басшысының орынбасарының айтуынша, 1 қыркүйек күні сағат 10.00-де барлық мектептерде салтанатты жиын басталады.

«Алғашқы рет павлодарлық мектептерде флагштоктар орнатылды, Білім күні туды көтеру мәртебесі мектептердің үздік оқушылрына беріледі. Олардың арасында халықаралық, республикалық және облыстық олимпиадалардың жеңімпаздары мен мектеп белсенділері бар. Флагштоктың биіктігі 3,5-4 метрге дейін», – деді облыстық Білім беру бөлімі басшысының орынбасары Людмила Казанцева..

Айта кету керек, биыл мектеп табалдырығын алғаш 5122 оқушы аттайды. Ал 11-ші сыныпты мыңнан аса түлек тәмамдайды.

Павлодар қаласында 5579 ұстаз еңбек етеді. Олардың 2851-і мектептерде, 2275-і мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде және мектептен тыс мекемелерде – 453-і жұмыс істейді.

Биыл сынып сағаттары «Мен өз елімнің патриотымын» тақырыбында өтіп, оған мектептің табысты түлектері қатысатын болады. Жалпы, Ертіс өңірінде 362 мектеп бар.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир