|
24.01.2017 | 12:55
1685

Тіркеуге тұрудың мерзімі ұзартылды

Тіркеуге тұрудың мерзімі ұзартылды

Тіркеуге тұрудың мерзімі ұзартылды. Енді полиция уақытша тіркеуі жоқ азаматарды тек Наурыз айының ортасынан бастап қана әкімшілік жауапкершілікке тарта алады. Бүгінде премьер-министрдің барлық нормативтік-құқықтық актілері жазылған қаулысы шыққан. Қаулы ақпан айының соңында қабылданып, он күннен кейін ғана заң күшіне енеді. Ол жұмыс бітпейінше  әкімшілік заңнаманың нормалары қолданылмайды. Сондықтан Наурыз айының ортасына дейін уақытша тіркеуге тұрмаған қазақстандықтар әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды", - Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы департаментінің басшысы Серік Сайынов айтты. Сондай-ақ, азаматтар полицейге уақытша тіркелгенін дәлелдеуге міндетті емес. «Учаскелік инспектор келген кезде, адамдар нақты тұрып жатқан пәтерде уақытша тіркелгендігі туралы дәлелдеуге тырыспауы керек. Инспектор құжатыңызды сұрап, ондағы деректерді жазып алуға ғана құқылы. Ол ақпараттық жүйе арқылы жұмыс орнында қажет мәліметтерді тексере алады»,-деді ол. Сонымен қатар, полицейлер тіркеуге қатысты тексерумен тек кешкі сағат  23:00-ге дейін ғана келуге құқылы.   


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир