|
10.07.2018 | 16:11
2819

Шығыс Қазақстандағы Бұқтырма су қоймасында балық қырылып жатыр

Шығыс Қазақстандағы Бұқтырма су қоймасында балық қырылып жатыр

Бұқтырма су қоймасында мөңке балық (карась) өліп жатыр. Бірақ адамдарға әзірге ешқандай қауіп жоқ деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі жергілікті орман шаруашылығы инспекциясына сілтеме жасай отырып.

Демалушылар қырылып жатқан балықтарды жағалаудан тауып алып жатыр. Әсіресе Көкпекті және Күршім аудандарында көп көрінеді. ШҚО орман шаруашылығы және жануарлар әлемінің аумақтық инспекциясы осы жағдайға қатысты пікір білдірді.

«Балық болған соң, уылдырық шашқаннан кейін ауырады. Бір жағынан күннің ыстығы бар. Оған қоса Бұқтырмада мөңке балық күрт көбейіп кеткен еді. Осы себептерге байланысты кокцидиоз туындап отыр. Сол жерде комиссия жұмыс істеді. Балық өлекселерін жинап, зертханаға өткіземіз. Ары қарайғы істің барысын көреміз. Бәлкім, гидратталған әкпен жағалауларды «аластап», алдын алу шараларын жүргізетін шығармыз. Әзірге адам денсаулығына зиянды ештеңе жоқ, сондықтан суды карантинге жабудың да керегі жоқ», – деді балық шаруашылығының басшысы Талғат Рахымжанов.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир