Шығыстағы тасқын тағы да қайталануы мүмкін

Шығыстағы тасқын тағы да қайталануы мүмкін
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шығыстағы тасқын тағы да қайталануы мүмкін. Өңірге іс-сапармен барған Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин осылай деп мәлімдеді. Оның сөзінше, қазір Ертіс өзені арнасынан асуға шақ тұр. Сондай-ақ Зырян және Катонқарағай аудандарындағы қалың қар әлі ери қоймапты. Сөгесі сөгілген соң, аймақта, тіпті, төтенше жағдай жариялануы мүмкін. Осы тұста, Аягөздегі топан судан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету үшін бюжеттен 200 миллон теңге бөлініпті. Қоғамдық қорлар да қаржылай қолдау көрсеткен. Осы қаражатқа 100-ден аса апатты үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмек.

Жалпы еліміз апатқа қарсы дайындық бойынша қажетті техникамен тек 45 пайыз ғана қамтылған екен. Шығыс Қазақстан бойынша бұл көрсеткіш 55 пайыз шамасында. Кейбір құрал түрлері мүлдем аз. Сондықтан төтеншеліктер тасқынмен күресуге қауқарсыз болып отырған көрінеді.


Новости партнеров