Шымкентте ұялы телефон арқылы жат діни ағымды насихаттаған қылмыстық топ ұсталды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шымкентте ұялы телефон арқылы жат діни ағымды насихаттаған қылмыстық топ ұсталды. Бүгін полицейлер мен арнайы жасақ өкілдері қаладағы Тәуке хан даңғылы мен Байтұрсынұлы көшесінің қиылысындағы жолдарды түгелдей қоршауға алған. Сақшылар ұзақ уақыт бойы осы маңдағы ұялы телефон сататын "Гарант" дүкенінің аумағында арнайы операция өткізді. Нәтижесінде 10-нан астам күдікті тұлға қолға түскен. Олар мобильді құрылғылардың идентификациялық кодын өзгертіп, оған экстремистік сипаттағы ақпараттарды жазып сатқан. Тергеудің нұсқалары бойынша бұл топ мүшелері ұрланған телефондарды алып сатумен айналысқан екен. 

Елімізге басқа діндер келген, ол дінді ұстаушылар осы Гаранттың алдында телефон сатумен айналысады. Олар тек ол жұмыспен ғана жүрмейді, олардың бастапқы мақсаттары бар. Ол біздің елге бүлік келтіру.

¤Қазіргі уақытта күдіктілер тергеу изоляторына қамалды. Аталмыш дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, "Гарант" қиылысы шымкенттіктерге және қала қонақтарына ұялы телефон сататын орын ретінде танылған. Бұл жерде пайдаланылған ұялы телефондармен қатар, ұрланғандар да сатылатын көрінеді.


Новости партнеров