Шымкенттік тұрғындар сапасыз су ішіп, асқазан-ішек ауруына шалдығуда

Шымкенттік тұрғындар сапасыз су ішіп, асқазан-ішек ауруына шалдығуда
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шымкенттік тұрғындар сапасыз су ішіп, асқазан-ішек ауруына шалдығуда. Нақтырық айтсақ, қаладағы «Қызылжар» шағын ауданының тұрғындары бүгінде өзеннен аққан тіршілік нәрін пайдаланып отыр. Оған қоса, лайлы құдықтың суын да тұтынуға мәжбүр.

Қара суға зар болған қызылжарлықтар Бадам өзенін тірішілік нәрін тұтынады. Сондай-ақ сапасы сын көтермейтін құдықтың да суын тартып ішеді. Тіпті, көп балалы ана Гүлбану Байсұлтанова секілді қарды да ерітіп, қажетіне жарататындар жетерлік.

Қызылжарлықтар құдықтағы суды тазалауға ай сайын жұмысшыларға 30 мың теңге төлейтіндіктерін тілге тиек етті. Қаражатты жинап бергендерімен, ішетін судың құрамы сол қалпы құмға толы. Лайлы ауыз судан, әсіресе, балалар түрлі тері ауруына шалдығып жатыр деп шарқ ұруда ата-аналар.

Мәселенің мән-жайы жөнінде  қалалық коммуналдық шаруашылық бөлімі таныс екендіктерін алға тартты. Бөлім басшысы осыдан 4 жыл бұрын Сайрам ауданынан қала аумағына өткен шағынауданның коммуналдық жүйелерінің сот арқылы шаһар меншігіне өткенін жеткізді.

Шенеуніктер жұмыс жасалады дегенмен, халықтың қашанғы лай су тұтынатынын айтпады. Сондықтан қызылжарлықтар әлі де Бадам өзеніне мұқтаж болып қала бермек. Ал ақ ұлпаның еритін мезгілі жеткенде біраз жұрттың әбігерге түсетін түрі бар.  

Әйкерім Ердәулетқызы, «Алматы» телеарнасы  Шымкенттен


Новости партнеров