Энергетика тақырыбын қаузаған журналистер арасындағы байқауда арнамыздың тілшісі жеңімпаз атанды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
«Самрұк-Энерго» компаниясының 10 жылдығына орай өткізілген республикалық конкурста арнамыздың тілшісі Әмірболат Құсайынұлы жеңімпаз атанды. Тәуелсіз Қазақстанның энергетика саласындағы дамуы мен жаңаруға бағытталған жобаларының жүзеге асуы жайлы журналистер арасында шығармашылық байқау жарияланған еді. Тақырыптың ашылуы, ақпараттың құндылығы, материалдың маңыздылығын көрерменге қызықты етіп беру тәсілдері талапқа алынған болатын. Елдің әр өңірінен жиналған ондаған материалдардың ішінен комиссия әріптесіміздің бейнематериалын үздік деп таныған. Жалпы елдегі 19 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтып, ел көлемінде тұтынатын энергияның 30 пайызын өндіріп отырған «Самұрық –Энерго» мекемесі осыдан он жыл бұрын құрылған еді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қысқы күн тоқырауы: ғалымдар 2026 жылдың ең қысқа күнін атады
26.11.2026 08:10
Алматыда 23-29 қараша аралығында ауа райы қандай болады
25.11.2026 08:10
Жаңа жылға үйді артық шығынсыз қалай безендіруге болады
26.11.2026 09:30
2027 жылы қазақстандықтар қалай демалады
26.11.2026 10:50