«СК-фармация» компаниясының басшысы сот санкциясымен 2 айға дейін қамауда отырады

«СК-фармация» компаниясының басшысы сот санкциясымен 2 айға дейін қамауда отырады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«СК-фармация» компаниясының басшысы Максим Касаткин сот санкциясымен 2 айға дейін қамауда отырады. Бұлтартпау шарасын Астана қаласының Алматы аудандық соты қабылдады. Еліміздегі фармацевтикалық өнімдердің бірыңғай дистербюторы «СК-фармация» компаниясын бірнеше ай ғана басқарған Касаткинге нақты қандай айып тағылып отырғанын аталған компания өкілдері түгілі Денсаулық сақтау министрлігі де білмей бас қатырып отыр. Ведомство өкілдері «бүгінгі күні «СК-фармация» ЖШС басшысының ұсталу себептері және оған тағылған айыптаулар туралы нақты мәліметтер жоқ»  - деп мәлімдеген болатын. Естеріңізге сала кетсек, күдіктіні өткен айда жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюроның қызметкерлері тұтқындаған еді. 2009 жылы ел Үкіметі қаулысымен фармацевтикалық саланы дамытуға жәрдемдесу мақсатында құрылған компанияның  бірнеше топ-менеджері осы уақытқа дейін істі болғаны мәлім. 


Новости партнеров