|
15.03.2018 | 20:41
2524

«Зорланды» деген 7 жасар баланың ісіне қатысты шенділер жазаланды

«Зорланды» деген 7 жасар баланың ісіне қатысты шенділер жазаланды

Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Абай ауылында зорланды делінген 7 жасар бала Астанаға жеткізілді. Болған жағдайдың нақтылығын анықтауға және зәбір көрген баланың толықтай медициналық сараптамадан өтуіне мамандар жұмылдырылды. Ал соңғы күндері ел аузынан түспеген Абай ауылының бірнеше шенеунігі осы жағдай үшін қатаң сөгіс естіп, оқиғаға қатысы бар №73 және 74-ші мектептер директорлары уақытша, ал іске атүсті қараған полицейлер мүлдем қызметінен босатылды.

Сарыағаш ауданының  Абай ауылында болған сұмдық жайт дүйім жұрттық ашуын туғызған еді. Жәбірленген баланың әжесі жанайқайын әлеуметтік желіде белсенділер арқылы жеткізіп, оны қорғауға қол ұшын созуды сұраған болатын. Осыдан кейін өңірде тергеу амалдары басталып, бар-жоғы екі күнде сан түрлі болжамдар жасалды. Жергілікті  атқамінерлер эксперттік комиссиямен аудан мен облыста екі рет медициналық тексеріс жүргізіліп, «бала зорланбады» деген еді.  Ал  Алматыға қарай жолға шыққан әжесі мен немересін пойыздан құзырлы органдағылар түсіріп қалғаны халықтың наразылығын тіптен күшейтіп жіберді. Зәбір көргендердің қорғаушылары полицейлер өздерін таңға дейін ұстағандығын айтқан еді. Ал бүгін ашынған ана демеу берген жандарға тағыда бейне үндеу жариялады.

«Зағипа Балиева баланы емдету үшін Астанаға алып кетіп барады. Сіздер бізге ренжімеңіздер. Біздің тағдырымыз үшін алаңдаған жандарға рахмет. Аспандарыңыз ашық болсын, барлықтарыңызға тек жақсылық тілеймін. Біз үшін алаңдамаңыздар, бізде барлығы жақсы болады», - баланың әжесі Шарипа.

Сарығаштан жәбірленушімен Астанаға жеткен Зағипа Балиева баланың жағдайына қатысты мәлімдемесін ертеңге қалдырды. Бұны жауапты тұлға басқа да құзырлы органдар келіп, олар да істің қалай жүріп жатқандығы туралы өз жауаптарын беретіндігімен түсіндірді.

«Ертең сағат 11:00-де осы мәселеге қатысты брифинг өтеді. Біз сұрақтарға жауап беруге құқылы Білім және ғылым және Ішкі істер министрліктерін мамандарды шақырдық. Бүгін енді барып маған демалуға рұқсат етіңіздер. Бүгін мен бір-ақ сағат ұйықтадым», - деді  бала құқықтары бойынша омбудсмен Зағипа БАЛИЕВА.

Айтпақшы, оқиғаға қатысты Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова да пікір білдірді. Оның пікірінше, біреуді кінәлі деп кесіп айтуға әлі ерте. Бірақ адамдық ардан аттағандардың ісі дәлелденсе, айыбы өтеусіз қалмайды. 

«Мектеп директоры, оқу ісінің меңгерушісі, психолог, әрбір мұғалім, әрбір қызметкерге қатысты, оның қылмысқа қаншалықты қатысты, қаншалықты ықпал етті, оның қаншалықты кінәлі екені де белгіленген тәртіпте заңмен қаралуы керек. Сондықтан қазір мынау кінәлі деп кесіп айту ерте. Біз Білім және ғылым министрлігіміз. Сондықтан сараптаманың дұрыс не бұрыстығы жайында еш пікір білдіре алмаймыз», - деді ҚР Білім және ғылым вице-министрі  Бибігүл АСЫЛОВА.

Айта кетер жайт, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Шымкентте жиын өткізді. Онда өз орынбасарына Ұласбек Сәдібековке қатаң ескерту жасаса, Сарыағаш аудандық жергілікті полиция қызметі, Абай ауылдық жергілікті полиция бөлімшесінің басшысыларына, ювеналды полиция бөлімшесінің №73, №74 жалпы орта мектептеріне жауапты полиция инспекторын қызметтерінен босатты. Сондай-ақ шулы іске қатысы бар қос мектептің директорларында  орындарынан босатты.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир