|
16.07.2018 | 17:10
21258

Құрбан айтта қазақстандықтар қалай демалады?

Құрбан айтта қазақстандықтар қалай демалады?

Қазақстанның "Еңбек туралы" заңына сәйкес, 2005 жылдан бері Құрбан айттың бірінші күні демалыс болып келеді. Биыл ол 21 тамызға түсіп тұр. Яғни, сенбі, жексенбі (17,18 тамыз) демалыс күндерінен кейін дүйсенбі, 20 тамыз бір күн жұмыс істеген қазақстандықтар 21 тамыз күні қайта демалады, деп хабарлайды Sputnik.kz.

Бұдан бөлек, тамызда қазақстандықтар Конституция күнін атап өтеді. Биыл 30 тамыз бейсенбіге түсіп тұр. Бірақ 31 тамыздағы жұмыс күні сенбі, 25 тамызға ауыстырылып, қазақстандықтар қатарынан екі күн (30,31 тамыз) демалмақ.

Айта кетсек, мұсылман күнтізбесі бойынша Зүлхижа айының оныншы күнінде, яғни, Арафа күнінен кейін және Ораза айттан 70 күннен кейін басталатын Құрбан айт мейрамы үш күн тойланады. Араб тілінен аударғанда, құрбан сөзі "жақындау" деген мағынаны білдіреді. Сондықтан, Құрбан айт күндері мүмкіндігі бар мұсылман құрбан шалып, сауап істер арқылы Аллаға жақындайды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир