Қысқы универсиада кезінде қар тапшылығы болмайды. Қазір тауда техниканың көмегімен жасанды қар төселіп жатыр. Күн жылынып, қардың еріп кетуінен сақтанған қала билігі қосымша шараларды жүргізіп жатыр. Су қатыратын құралдар, қазір тауда жасанды қарды тау қылып үйіп жатса, ауыр техникалар оларды қия бетке жеткізіп, жарыс жолдарына төсеуде. Тақырыпты тілшіміз Әмірболат Құсайынұлы тарқатсын.
Шымбұлақ тау шаңғы аймағының екінші асуы қазір жабық. Бұл жерде спортшыларға арналған қар жолын жасау жүргізіліп жатыр. Ақпан айында ауа райы жылы болады деп болжанғандықтан, мамандар қазір қаржы табиғи жолмен емес, қолмен, яғни осындай апараттың көмегімен суды қарға айналдырып жатыр.
Таудағы қар қазір қалыпты. Жапалақтай жауған қар мен түманды үскірікке қарамай шаңғы текпен адам қарасы көп. Бірақ, ауа райы ақпанда жылы болады деп болжанғандықтан, қала билігі қосымша сақтық шараларын жасап жатыр. Суды қатырып, қайналасын қарды бұрқасынға айналдыратын 25 жарақ қазір дүрілдеп тынымсыз жұмыс істеп жатыр.
Шаңғы мен биатлон жарыстары «Алатау», «Шымбұлақ», «Табаған» тау-шаңғы шипажайы және «Сұңқар» трамплин кешенінде өседі. Осы аймақтарға барлығы жүз мың текше метр қар қажет екені есептелген. Егер жасанды қар жеткіліксіз болса жетпегені өзгеде таулы өлкелерден ауыр техникалар тасиды.
«Қазір бізде кассадан билетті 30 пайыз жеңілдікпен алуға болады. Күндізгі абономент жай күндері 4-5 бес мың теңге болса, демалыс күндері алты мың теңгеге алуға болады. Одан бөлек онлайн түрде билет сатып алып, сырғанауға келетін адам елу пайыз жеңілдіктен демалуға мүмкіндігі бар»,- деді Шымбұлақ тау-шаңғы шипажайы менеджері, Владислав СЕМНОВ.
Тек бір Шымбұлақтың өзіне 900-ден астам спортшысы, жаттықтырушы мен төрешілер келеді. Оның сыртында жергілікті жанкүйер мен туристер тағы бар. Келушілерге оңтайлы болу үшін қазір жан-жақты жұмыс жасалып, жеңілдіктер жасалған.
Әмірболат Құсайынұлы, Мұрат Тайжанов, «Алматы» телеарнасы