Құрылыс бөлімінің басшысы 12 млн теңге пара алып жатқанда ұсталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Түркістан облысы Сайрам ауданы әкімдігінің Құрылыс бөлімі басшысының қылмыстық әрекеті әшкереленді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Ол ЖШС өкілінен 12 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді.
Күдікті Сайрам ауданы Ақбай ауылындағы орта мектептің қосымша корпусының құрылыс жұмыстарына жалпы сомасы 400,5 млн теңгені құрайтын мемлекеттік сатып алу туралы келісімшарт жасағандағы үшін делдалдар арқылы бөлік-бөлігімен ақша алып отырған.
Күдікті қылмыс үстінде ұсталды және қамауға алынды.
Сондай-ақ, делдалдарға қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 21-27 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
23.09.2026 08:15
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
23.09.2026 08:00
Алматыда үшем дүниеге келді
22.09.2026 14:49
23 қыркүйекке арналған валюта бағамы
23.09.2026 07:40