Алматыдағы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері ғасыр жасаған әжелерді көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтады. Оларға гүл табыс етіп, ақ тілектерін жаудырды. Жалпы, бүгінде Алматы қаласында 100 жасаған қариялар саны 20-ға жуық. Оның 8-і Бостандық ауданында тұрады. Төтеншеліктер құттықтаған қарттың бірі - 102 жастағы Жұмаш Кеңесбаева. Қазақ тіл білімінің негізін салушылардың бірі, академик Ісмет Кеңесбаевтың жары болған. Әжей бүгінде жалғыз тұрады. Қызы дүние салған соң, қарт анаға тек немересі қарайласатын көрінеді.