|
02.03.2017 | 11:33
2673

Алматы қаласының құтқару қызметі кез келген төтенше жағдайға төтеп беруге дайын

Алматы қаласының құтқару қызметі кез келген төтенше жағдайға төтеп беруге дайын

Алматы қаласының құтқару қызметі кез келген төтенше жағдайға төтеп беруге дайын. Тіпті көктемгі су басу қаупінің алдын алу шаралары да өткізіліп жатқан көрінеді. Құтқарушылардың топтық құрамы мен техникалық жабдықтары түрлі апатқа қарсы тұруға қаншалықты қауқарлы екені байқалды.

Руслан жанындағы досы Лордты 8 айлық күшік кезінен бағып-баптап, құтқарушылық қызметке бейімдеп келеді. Кинологиялық қызметте алға қойған міндеттің толық орындалуы 70 пайыз құтқарушыға, ал қалған 30 пайызы иттің қабілетіне байланысты дейді Руслан.

«Лордтың маған бір ұнайтын қасиеттері - өте жылдам, өте ақылды. Берілген командаларды ұқыпты орындайды. Кейде біздің қызметте көлік жете алмайтын жерлерге ұшақпен лақтырады, сол жерлерге ұшақтан қорықпай түседі. 12 рет түсіп үлгердік, өте төзімді ит», - деді Алматы қаласы құтқару қызметінің ііі санаттағы құтқарушы-кинологы Руслан ОСПАНӘЛИЕВ.

Құтқару қызметінің кинологиялық тобында тәрбиеленген белгия тұқымдас төбетті иесі түрлі жарыстарға қатыстыратын көрінеді. Көбіне олжамен оралады екен. Мұндай шаралар төбеттің жоғалған адамды тез табуына ықпал жасайды.

«ТМД мемлекеттері арасында 2016 жылы жарыстарда кубокты ұтып алған, бірінші орынды. Сол аймақта үлкен ұшақ құлады деп, сол жерде жұмыс істеп 15 км жерді 3 сағат 45 минутта жүгіріп отіп, жеті адамды құтқарып шықтық», - деді Алматы қаласы құтқару қызметінің ІІІ санаттағы құтқарушы-кинологы Руслан ОСПАНӘЛИЕВ.

Алматы қаласының құтқару қызметі Бүкіләлемдік Азаматтық қорғаныс күнін дәстүрлі түрде атап өтеді. Құрамында 400 адам еңбек етсе, оның 70 жұмыскері апатты құтқару тобында қызметте. Мекемеде құтқару қызметін жүзеге асыратын 2 ұшақ, 175 бірлік техника бар. Солардың бір тобы радиациялық, химиялық және бактериологиялық барлау бөлімінің де алар орны ерекше.  

«Соңғы жағдай ретінде, әуежайдағы төтенше оқиғаны айтуға болады. Кедендік бақылау аймағында 2 келідей сынап төгілген екен. Сол жерге барып сынапты тексеріп, құрамында алты есеге шамадан тыс зиянды заттар бар екенін анықталды. Сынаппен улану шараларын бітірген соң оны қайта өңдедік. Нәтижесінде әуежайдың жұмысы әрі қарай жалғасын тапқан болатын. Мұны біз ең қысқа уақытта жүзеге асырдық», - деді ҚР ІІМ «Өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс ғылыми-зерттеу институты» АҚ ғылыми қызметкері Александр ОТРАДНЫХ.

Сондай-ақ көктемнің алғашқы күндері елді-мекендерді су басу қаупіне қарсы алдын-алу шаралары өткізіліп жатқандығы айтылды. Алматы қаласының құтқару қызметі судан келетін апаттарға төтеп беруге сақадай сай. Ол үшін тиісті бекіністік құрал-саймандар, қосымша инертті материалдары бар қаптар да дайындалған екен.

«Көбінесе арықтар тазаланып жатыр, Алматыдағы үлкен өзендердің бәрі тазаланып, қар еріп, су баспас үшін сондай көп шаралар жасалып жатыр», - деді Алматы қаласы Құтқару қызметі директорының орынбасары Ержан ҚАҢЛЫБАЕВ.

Биыл сұйықтық арқылы күшті қысым беретін гидравликалық құралдар, газдан қорғау аппараттары және адам өмірін қорғауға қатысты техникаларды сатып алу жоспарлануда.  Сондай-ақ құтқарушыларды арнайы киіммен қамту да қарастырылыпты, не дегенмен, олардың өзгені құтқару үшін өмірін қауіпке тігетін жомарт жандар екені жасырын емес.

Назкен Байтілес, Влад Шишко, «Алматы» телеарнасы


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир