Черногорияда екі әйелді құтқармақ болған қазақстандық суға кетті

Черногорияда екі әйелді құтқармақ болған қазақстандық суға кетті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Черногорияның Ульцин қаласында суға батқан қазақстандықтың денесі ертең елге жеткізіледі.

Айта кетейік, 16-шы тамызда жағалауда суға батып жатқан екі әйелді құтқармақ болған отандасымыз Таңат Смағұловтың өзі теңіз толқындарының құрбаны болған еді. Сол күні Таңатпен бірге көмекке келген Черногория азаматы да судан шыға алмай ажал құшқан. Өзгенің жанын сақтаймын деп опат болған отандасымыздың артында төрт жасар қызы қалды.  

«16-шы тамызда еліміздің 1977 жылы туған азаматы Таңат Смағұлов жағалаумен келе жатып, суға батып жатқан екі әйелді көріп, соларды құтқаруға ұмтылған. Бірақ екі әйелді құтқарғанымен, өзі судан шыға алмай қалған. Петропавлск қаласының тумасы. қазіргі таңда еліміз консулдығы барлық құжатты дайындап, Таңаттың денесін ертең таңертең Қазақстанға жібереді», – деді ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек СМАДИЯРОВ.


Новости партнеров