Алматыда жұмыссыз жүргендерге метрода ақпараттық жадынама таратылды

Алматыда жұмыссыз жүргендерге метрода ақпараттық жадынама таратылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қалалық Жұмыспен қамту орталығы мамандары кәсіп іздегендерді кеңседе емес, қоғамдық көліктерде қабылдай бастады. Ерекше акцияның алғашқы күнінде жұмыссыз жүргендерге тура метрода түсіндірме жүргізіліп, ақпараттық жадынама таратылды. Ал шара қалған екі күн автобус пен троллейбуста жалғасады. Жұмыспен қамтитын орталық мұндай қадамға халықтың жұмыссыз жүрсе де келмейтіндігімен түсіндірді. Сондықтан өздері бір табан жақындауды жөн көріпті. Айта кетейік, былтыр 3 мыңға жуық адам мамандығын өзгертсе, биыл жыл басынан бері 1 мың адам оқуға ынта білдірген. Жалпы Алматыда 3 мыңға жуық жұмыссыз азамат тіркеуде тұр. 

«Қазір нарықта жұмыс берушілер арасында қызметші мамандықтар кең сұранысқа ие. Оның қатарында сатушылар, жанармай құюшылар, менеджерлер бар. Біздің орталық туралы білмейтіндер үшін осындай акция өткізуді шештік. Оқу бітірген түлектер, мамандығы жоқтарға келуге болады. Жалпы жұмыс іздеп жүргендерге мамандар көмектеседі. Мәселен, бет әрлеу курсынан өтіп, жеке кәсіпкерлікті бастауға да мүмкіндік бар», - деді Алматы қаласы Жұмыспен қамту орталығының директоры Мейрам СҮЙІНДІКОВ.




Новости партнеров