Еңбек мигранттарына қажетті құжаттарды алу уақыты қысқартылды

Еңбек мигранттарына қажетті құжаттарды алу уақыты қысқартылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Paper free» механизмі қағаз айналымын жылына 24 миллион анықтамаға қысқартуға мүмкіндік береді. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру барысында Халыққа қызмет көрсету орталықтары ұзын-сонар кезектен арылу үшін түрлі бағдарламаларды енгізіп жатыр. Телеграм-бот арқылы азаматқа жақын орналасқан қызмет көрсету орталығындағы халықтың көптігін бақылап, онлайн кезекке тұруға болады екен. Одан бөлек, босанған әйел перзентханадан шықпай, 3 қызмет түріне қол жеткізе алады. Еңбек мигранттарына қажетті құжаттарды алу уақыты да 5 күннен 1 сағатқа қысқартылған.

«Электрондық сандық қолтаңба арқылы бір реттік СМС-пен 30 анықтама түрін ала алады. Электрондық сандық қолтаңбасыз бір рет тіркеледі электрондық порталға. Нағыз керекті анықтамаларды 30 СМС арқылы ала алады. Сонымен қатар, іске қосылып келе жатқан үлкен бір электрондық санды қолтаңбасыз алып отырған қызметтердің барлығы толық автоматтандырылған жүйеге көшіп жатыр», - деді  Алматы қаласы Медеу аудандық №2 ХҚКО бөлімінің басшысы Алмагүл АТАҒАРОВА.




Новости партнеров