Қымбат көлікті бананмен жасырып әкеле жатқан жүргізуші ұсталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Range Rover Vogue көлігін банан қораптарына жасырып, Волгоградтан Шымкентке жеткізбек болған жүк көлігі жүргізушісін ресейлік шекарашылар ұстады, деп хабарлады Sputniknews.kz.
«Iveco Stralis жүк көлігі Волгоград облысы Паллас ауданында шекара бақылауынан өткен. Тіркемесінен банан қорабына жасырылған қара түсті Range Rover Vogue көлігі табылды», – деп хабарлайды Ресейдің Волгоград облысы бойынша Федералды қауіпсіздік қызметі.
Жүргізушінің контрабандалық көлікке құжаты болмаған. Оның кімге тиесілі екенін әлі белгісіз. Ұсталған азамат полицияға берілді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
20.10.2026 08:10
Семсерлесушілеріміз Мароккодағы әлем Кубогында топ жарды
19.10.2026 08:40
Жалақы уақытында берілмесе қайда шағымдану керек
19.10.2026 14:45