Алматыда автобус апатқа ұшырады: 12 жолаушы ауруханаға түсті
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда барахолка базары маңында Солтүстік шеңбер бойында автобус жол апатына ұшырады, деп хабарлады Sputniknews.kz.
Оқиға куәгерлері мен автобус жүргізушісінің айтуынша, қоғамдық көлік Солтүстік шеңбер бойында автобус жолағында кетіп бара жатады. Сол бағытта Toyota Carina E көлігі де келе жатады. Жеңіл көлік жүргізушісі алды-артына қарамастан шалт бұрылады. Автобус жүргізушісі тежегішті басқанына қарамастан, көлікке бір-ақ соғылыпты.
Жол апаты салдарынан автобустың 12 жолаушысы зардап шекті. Әртүрлі жарақат алған олардың жақын маңдағы ауруханаға жеткізді.
Оқиға орнында жол полициясы қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Апаттың мән-жайы анықталмақ.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
14.11.2026 11:34
Кофенің пайдасы мен зияны: дәрігерлер нені ескертеді
13.11.2026 12:40
Күн сайын қанша жұмыртқа жеген дұрыс
14.11.2026 12:38
Дәрігерлер ашқарынға жеуге болмайтын тағамдарды атады
14.11.2026 11:36