Алатау ауданында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 100-ге жуық шара ұйымдастырылған

Алатау ауданында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 100-ге жуық шара ұйымдастырылған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алатау ауданында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жыл басынан бері 100-ге жуық іс-шара ұйымдастырылған. Бұл туралы аудан әкімі Шахмардан Рыспаев мәлімдеді. Мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асуы тақырыбында өткен брифингте аудан басшысы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне де тоқталып өтті.  Биыл осы ауданда «Туған жер» бағдарламасы аясында дат сәулетшісі Ян Гейлдің тұжырымдамасына сәйкес, «Саялы», «Алғабас» және «Ақбұлақ» ықшамаудандарында 3 жүргіншілер аймағы салынды. Бұған қоса, 6 балалар алаңдары, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған 2 ойын алаңы, 2 футбол және 2 баскетболға арналған алаңқайлар бой көтерген.

«Ауданда 4 жаңа балабақша құрылысы жүріп жатыр. Атап айтсам, «Алғабас» және «Теректі» ықшамаудандарында жалпы алғанда 240 бүлдіршінге шақталған, «Нұркент» пен «Саялы» ықшамаудандарында 320 балаға арналған 2 бөбекжай салынып жатыр. Бұл мақсаттарға бөлінген қаражат сомасы 3 млрд теңгеге жуық», - деді Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі Шахмардан РЫСПАЕВ.


Новости партнеров