Алматыда бірнеше жеке тұрғын үй отқа оранды

Алматыда бірнеше жеке тұрғын үй отқа оранды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда 3 тұрғын үй өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетоваға сілтеме жасап.

«Алматы ТЖД қызметінің «101» пультіне 30 шілде күні сағат 14.00-де 3 жеке тұрғын үйдің өртенгені туралы хабар түсті. Алмалы ауданына қарасты Маршак көшесіндегі 95,97,97 «А» үйлер отқа оранған. Құтқарушылар оқиға орнына келгенде, жеке тұрғын үйлер лапылдап жанып жатқан. Өрт сөндіру кезінде 6 газ баллоны шығарылды. Құтқарушылар жалынның жақын маңдағы шаруашылық құрылыстарына тарамауына күш салды. Өртті ауыздықтауға жарты сағат уақыт кетті. 15.03-те өрт толығымен сөндірілді. Жалын шарпыған аумақ 280 шаршы метрді қамтиды. Құтқару жұмыстарына 35 өрт сөндіруші мен 11 техника жұмылдырылды», – деді қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.


Новости партнеров