Алматыдағы жерасты өткелдерін мүмкіндігі шектеулі азаматтар тексеруден өткізді

27.08.2018 23:24

Алматыдағы жерасты өткелдері тыңғылықты тексерістен өтті. Бұл жолы оларға мемлекеттік қызметкерлер емес, мүмкіндігі шектеулі азаматтар баға берді. Олар баспалдақтың тұтқасынан бастап, пандустар мен жер астындағы жарықтандыруды жіті бақылады.  

«Баспалдақтан ұстап түсуге арналған тұтқа үш жағынан қойылған. Олар стандартқа сәйкес келеді. Яғни, адамның бойына лайықты орнатылған. Оған қоса, арбамен жүріп, сүйеніп түсуге де ыңғайлы жасалған. Ал едендер тайғақ емес. Өте ыңғайлы», – деді Алматы қаласы «Ерікті мүгедектер» қоғамының төрайымы Любовь КЛИМКО.

Айта кетейік, Алматының бір ғана Медеу ауданында 880 мүмкіндігі шектеулі жан тұрады. Ал оның 30-ы – арбаға таңылған азаматтар.