Солтүстік айналым көшесіндегі жол айрығын салу ерте аяқталады

08.12.2016 15:42

Солтүстік айналым көшесіндегі жол айрығын салу мерзімінен бұрын аяқталады. Ондағы алты жолақты торап қолданысқа берілді. Бұл өз кезегінде осы аумақтағы көлік кептелісін бірден 80% - ға дейін арылтады, - дейді мамандар. Олар бой көтерген көпірді әдемі және берік қана емес, сондай-ақ, уақыт үнемдеуге қолайлы деп сендірді.


 «Осындай эстакада бұл екінші эстакада. Бізде преднапряженный эстакада деп аталады. Бұндай бірінші эстакада мына Рысқұлов бойында Рысқұлов Сайын көшесінің қиылысындағы көлік айрығының эстакадасы. Құрылысы тура осындай преднапряженный мост арқылы салынған, толығымен монолитті темір бетон. Ерекшелігі енді бұл жерде мына деформационный жүктер дейді, деформационный жүктер тек екі жағынан қарастырылған. Мысалы, эстакаданың бас жағында, содан кейін аяқ жағында»,- деді Алматы қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары, Сағындық ТЕЛІБАЕВ. 


Жол айрығын салуға барлығы 8 миллиард теңге жұмсалды. Мердігерлердің сөзінше, Солтүстік айналым көшесіндегі торап келер жылдың маусым айында толығымен дайын болады.