Студенттер Президенттің бес әлеуметтік бастамасын талқылады

Студенттер Президенттің бес әлеуметтік бастамасын талқылады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жоғарғы оқу орындарының студенттері Президент бастамасындағы жастарды үймен қамтамасыз ету, жатақхана салу, оқу гранттарын бөлу мен сапалы білім жайын талқылады. Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі ұйымдастырған кездесуге жастардан бөлек, дін өкілдері мен лауазымды тұлғаларда қатысты.

«Бұл бастамалардың басым бөлігі жастарға арналған. Оларға қосымша оқу гранттар бөлу, жатақханалар салу, оларды тұрғын үймен қамтамасыз ету жағынан. Бұлардың бәрі біздің жастарға байланысты. Сондықтан осы әлеуметтік бастамалар тиімді жүзеге асу - ол азаматтарымыздың оны қаншалықта білетіндігі, қаншалықты соны жүзеге асыруға атсалысатындығына байланысты. Сондықтан да  осы мәслелерді талқылап, жастарға түсіндіріп берсек деп отырмыз», - деді ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Берік АРЫН.


Новости партнеров