60 таксисттың үстінен арыз түсірген кәсіпкерлерге құқық қорғаушылар қарсы талап қойды

22.09.2017 02:13

60 таксисттың үстінен арыз түсірген кәсіпкерлерге құқық қорғаушылар  қарсы талап қойды. Олар әкесі мен қызы дөңгелетіп отырған бұл кәсіптің шикілігі көп екендігіне сенімді. Әуелі, келісімшарттың бір ғана нұсқасын өздеріне ғана  түсінікті әрі тиімді етіп жазып, оның тіпті көшірмесін де көлік жүргізушілеріне бермеген.  Заңгерлердің айтуынша, көліктер ақылға қонымсыз шарттармен жалға берілген.  оған қоса айыппұлдарды да заңсыз іліп қойған. Бір қызығы өздері арыз берген «Тепсаевтар» сотқа келмеді. Сол себепті де, сот отырысы осы айдың соңына шегерілді. Естеріңізге сала кетейік, Тепсаев Іляс пен оның қызы Тепсаева Мадина жалға көлік алған жүргізушілерден олардың қарызы мен темір тұлпардың жөндеу жұмыстарына кеткен қаржыны қайтаруын талап еткен еді. Ал таксистер «өздерін зардап шегушілердің қатарындамыз», - дейді. Миллион теңгеден астам берешегі барлар заңгерлердің де көмегіне жүгінуге  мәжбүр.

«Менің есептеуімше 36 айға  жалға берілген көліктің толыққанды ақшасын  таксисттер шығарып отыр.  Яғни, бір көліктің ақысын артығымен тауып береді. Бұл бас-аяғы 4 миллион 923 мың теңгені құрайды. Ал келісімшаратта тек арендаға ғана беріледі деп жазылған. Нәтижесінде, азаматтар сенгендей көлік жүргізушілері 36 айдан кейін көлікті иемдене алмайды», - деді ¤ құқық қорғаушы Яна МЕЛЕЩЕНКО

¤Айта кетейік, Тепсаевтарда істеген таксистер күніне 5 мың теңгеден өткізіп отырған. Оған қоса көліктің жөндеу жұмысына деп ашылған шотқа 700 теңге тағы салған. Тіпті, таксопарк жұмысшыларға  2 жарым жыл бойы бір күндік демалыс та бермеген. Ал жұмыстан аяқ асты шыққысы келгендерге негізсіз 95 мың теңге айыппұл салып, сотқа сүйрелеген көрінеді.