Петропавлда ірі жол көлік апатына кінәлі жүргізушіге қатысты сот үкімі шықты

05.02.2018 23:08

Петропавл қаласының мамандандырылған әкімшілік соты 5 көлікті қағып, театрдан шыққан адамдарды  таптап кете жаздаған қашқын жүргізушіге үкім шығарды. Қымбат көлікпен қатты жүйткіген жігіт автотұрақта тұрған  көліктерді қиратып барып бірақ тоқтаған. Айыпталушы оқиға орнынан полиция келмей тұрып  ізін суытса да көп кешікпей ұсталды. Абырой болғанда ешкім зардап шекпеген.

«Маған қарай қарсы келе жатқан көліктердің жарығынан көзім көрмей қалды. Кейін жәбірленушілердің бірі менің жолыма тосқауыл болды. Оқиға «Ударник» кинотеатрының алдында орын алды.  Мен басқа ешнәрсе істей алмадым, себебі кинодан шыққан адамдар көп еді. Адамдарды басып кетпес үшін солға қарай бұрылудан басқа ешнәрсе істей алмай қалдым», - деді жауапкер.

Өз кінәсін мойындаған жігіттің көлік жүргізу куәлігі болмаған. Жол ережесін бұзғаны үшін  2014 жылы көлік басқару құқығынан айырылған екен. Көліктерге келген шығын көлемі бірнеше миллион теңгеден асып кетті. Бірақ тәуелсіз бағалау жұмыстары әлі тоқтаған жоқ.  

«Сот айыпталушы Рамазанов Бахтияр Баұқытжанұлын ҚР әкімшілік құқықбұзушылық тарулы кодексінің 611-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасауға кінәлі деп таныды. Айыпталушыға 100 АЕК, яғни 240 500 теңге айыппұл салынсын», - деді  судья Асламбек КОШЕНОВ.