Медеу ауданының әкімі халық алдында есеп берді

Медеу ауданының әкімі халық алдында есеп берді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Медеу ауданы тұрғындарынан түскен арыз-шағымның 98 пайызы шешімін тапқан. Бұл туралы аудан әкімі халықпен кездесу барысында мәлімдеді. Ержан Жылқыбаевтың айтуынша, көпшілігі жол, ауланың жөндеу жұмыстары, көріктендіру мен коммуналдық шаруашылыққа қатысты сауал жолдаған.  200 мыңнан аса тұрғыны бар Медеу ауданы Алматының әкімшілік, іскерлік және мәдени орталығы ретінде дамып келеді. Ірі бизнес нысандары ашылып, веложолақтар мен жүргіншілер жолы салынып, аулалар жаңа кейіпке енуде. 

«Көк базар» маңында тұратын тұрғындар өткен жылы жабайы сауда мен антисанитарияға шағымданған еді. Өздеріңіз көріп отырғандай заңсыз қызмет етіп келген 50 дүңгіршекті сүріп, Жібек жолы көшесі жаңартылды. Қазір ол әдемі демалыс орнына айналды. Жүргіншілер жолына байланысты сұрақтарды шешу үшін 9 әлеуметтік маңызы бар нысандарға заманауи белгілер орнаттық»,-деді Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі, Ержан ЖЫЛҚЫБАЕВ.


Новости партнеров