Елбасы Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовті қабылдады. Кездесу барысында министр Мемлекет басшысына 2017 жылдың қорытындылары бойынша, экономикалық даму көрсеткіштеріне жасалған талдау нәтижелері жөнінде мәлімдеді. Сонымен қатар, министрліктің қызметі туралы есеп берді. Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру барысында стратегиялық жоспарлау мен болжам жасаудың маңыздылығын атап өтті.
«Барлық шаралар Қазақстан экономикасын дамыту үшін жүзеге асырылуы тиіс. Мемлекеттік бағдарламалардың, соның ішінде «Бес әлеуметтік бастаманың» іске асырылу барысын зерттеу қажет. Ұлттық экономика министрлігі орталық және өңірлік деңгейдегі барлық мемлекеттік органдардың қадамдарын айқындауы керек», - деді Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.
«Алдыңызға екі мәселемен келіп отырмын: бірінші, ағымдағы жылдың бірінші жылдың қорытындысы бойынша. Екінші, Ресей Федерациясына қарсы қойылған санкциялар және олардың біздің экономикамызға тигізетін ықпалы», - деді ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур СҮЛЕЙМЕНОВ.
Кездесу соңында Елбасы Тимур Сүлейменовке бірқатар нақты тапсырма берді. Соның ішінде Қазақстанның экспорттық және транзиттік әлеуетін одан әрі дамыту, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды әрі қарай іске асыру жөнінде айтты.