Сүрілген Саяхаттың орнында жаңа автобекет салынады

Сүрілген Саяхаттың орнында жаңа автобекет салынады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасының өкілдері қала сыртындағы тұрғындардың Алматыдан Талғарға дейін автобуспен қашан уақытылы жететінін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматы қаласының тұрғыны сегіз жыл бойы Райымбек даңғылының «Саяхат» ауданында қала сыртына жиналған адамдар жол бойында кептеліс жасайтынын айтып, шағымданған.  

«Талғарға кетудің өзі бір шытырман оқиға. Бір топ адам Райымбек даңғылындағы жолды бөгеп, бірнше шақырымға созылатын кептелісті құрайды. Оларды сол жерден қуа бастады. Енді ызыланған бір тоб адам Пушкин көшесінің бойында тұрып алды. Талғарға сағатына бір рет немесе тек 20.00-ге дейін жүретін, ыстық автобусты күтетіндер де бар. Автобустың іші адамға лық толмайынша, жүргізушісі жүруді де ойламайды. Көлік таяған кезде толып тұрған автобустың ішіне 10 адам бірден кіріп кетуге тырысады. Автобустың жетіспеушілік мәселесін қашан шешеді? Оған қоса, қыркүйек айында кептеліс екі есе ұзақ болады», – дейді Татьяна Фоминова.

Алматы жолаушы транспорты мен жол басқармасының өкілдері хабарлауынша, «Саяхат-Инвест» ЖШС мен бірге сондай-ақ, Райымбек даңғылынан солтүстікке қарай және Сүйінбай даңғылының шығыс жағында орналасқан жер учаскі иелерімен Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шеңберінде қала маңындағы байланыс үшін Саяхат автовокзалын салу мәселесі қарастырылып жатыр.

«Бұрындары бұл жерде автовокзал болғандықтан, әлі күнге дейін үлкен жолаушылар күтіп тұратын орынға айналып кеткен. Бұл қиылыс – Алматы қаласының маңынан шығыс және солтүстік бағыттардан келіп келе жатқан адамдардың жаппай жиналатын орны. Басқарма Алматы-Талғар автобус жолаушыларының 25 автобустың жалпы санын ұйымдастырды. Тасымалдаушы: «Думан-Транс» ЖШС. Шығысқа қарай бет алған жолаушылар (Бесағаш, Тұздыбастау, Белбұлақ, Қайрат және Талғар) Райымбек даңғылы мен Пушкин көшесінің қиылысында соңғы аялдамасына дейін барғылары келмейді. Олар Пушкин-Мақатаевқа «такси ұстаймыз» деп дауыс беріп бастайды да, осы қиылыста төтенше жағдайлар туғызады. Бұл үрдіс кешкі сағат 17.00-ден 19.00 аралығында болады», – деп жауап берді Алматы қаласы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі.

Бұл мәселені шешу үшін Алматы жаяу көлігі «Саяхат» автостанциясяның құрылысын тездету сұрағын қарастыруды Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығына тапсырды.

Осыған дейін «Сайран» және «Саяхат» автобекетінің ахуалын Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің отырысында да сынға алған. «Саяхаттың» ішінде сауда жасайтын көпшоғырлы орындарды ликвидациялау туралы шаралар қолданып жатыр.


Новости партнеров