Конституция күні - мемлекеттік мереке. Еліміздің Ата заңы жүздеген жылдар бойы қалыптасқан адамзат баласының жалпы құндылықтарын өз бойына сіңірді. Сондай-ақ табиғи құқықтары мен бостандықтары бекітілді. Мерекеге орай, Алматыдағы бірнеше ауданда іс-шаралар ұйымдастырылды.
«Бұл мерекенің маңызы өте зор, себебі аудандағы жастарды, қарияларды, барлық құрылым басшыларын түсіндіріп, рухани жаңғыру бойынша әр адамның санасын, идеологиясын көтеріп, жаңа серпін береді», - деді Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары Балтөре ПІРӘЛИЕВ.
Әуезов ауданында да Конституция күні дүбірлетіп атап өтілді. Аудан басшысы биылғы жаңа оқу жылына дайындықтарымен, алда атқарылар жұмыстарымен бөлісті. Қазір аудан бойынша 4 жарым мыңға жуық бүлдіршін мектепке дейінгі мекеме кезегінде тұр. Бұл бағытта биылғы жылы мұнда 700 орындық 12 жекеменшік бөбекжай ашу жоспарда бар. Ал Түрксіб ауданында бұл күні аз қамтылған отбасыларға, жетімдерге мектепке арналған жабдықтарпен қамтылған сөмкелер берілді. Сондай-ақ Медеу ауданында тойланған мейрамға ауданның танымал азаматтары қатысты. Бүгінгі таңда аудандағы балабақша мәселесі шешіліп, білім беруде үлкен жұмыстар атқарылып жатыр.
«Біздің еліміздің көркеюі, еліміздің дамуы, еліміздің азаматтарының әлемге танылуы - осының барлығы біздің Ата заңымыздың құдіреті. Ата заңымыздың бізге әкелген жақсылығы - халқымыздың әлеуметтік жағдайын жақсартуда, рухани жағдайын жақсартуда ерекше үлес қосуда», - деді Қазақстанның еңбек ері Аягүл МИРАЗОВА.