|
21.12.2016 | 10:53
1354

Сыртқы істер министрлігі биыл үш миллионға жуық теңгені игермеген

Сыртқы істер министрлігі биыл үш миллионға жуық теңгені игермеген

Сыртқы істер министрлігі биыл үш миллионға жуық теңгені игермеген. Бар қаражатты жарата алмаудан бұл ведомство осылайша көш бастап тұр. Мұның себебі Астана саммитінің өткізілмеуі, Өзбекстанда елшілік ғимараты құрылысының қымбаттауына байланысты. Жауаптылар жыл соңы таяп қалғандықтан қаражатты бүгін-ертең игеру мүмкін еместігін айтып ақталыпты. Ал, бұдан кейін ақшаны жетер жеріне жеткізбеуден Денсаулық сақтау мен Білім және Ғылым министрліктері көш бастап тұр.

«Игерілмеген қаржының дені Сыртқы істер министрлігіне тиесілі - 2,8 млрд теңге. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі - 1,2 млрд теңге, еңбек шарттары жобасы бойынша конкурстық жұмыстардың өткізілмеуіне және науқастардың емделу курсының аяқталмауына байланысты. Білім және ғылым министрлігі - 0,6 млрд теңге жатақхана құрлысы бойынша жұмыстардың аяқталмауына, конкурстық құжаттаманы Дүниежүзілік банкпен ұзақ келісуге байланысты болып отыр», - деді ҚР Қаржы министрі Бақыт СҰЛТАНОВ.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир