Тағы бір лауазымды шенді пара алды деп айыпталды

17.07.2017 22:18

Тағы бір лауазымды шенді пара алды деп айыпталды. Батыс Қазақстан облысы Қаржы саласындағы құқық бұзушылықты тергеу басқармасының бөлім басшысы 25 млн теңге көлемінде белгіленген ақшаны алып жатқан жерінен ұсталған. Атақ мінер қаржыны жалған кәсіпкерлік фактісі бойынша қылмыстық істі тоқтату үшін және қорғаншылық жасау үшін алған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының департаменті мәліметі бойынша параның жалпы сомасы 101 млн теңге. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.