Таиландта сегіз отандасымыз жол апатына ұшырады

11.01.2018 23:09
Таиландта сегіз отандасымыз жол апатына ұшырады. Оқыс оқиға Пхукет аралындағы атракцион паркінде болған. Қазақстандықтар мінген шағын автобус қарсы алдындағы ағашқа барып жаншылыпты. Көлік апатынан 10 адам зардап шеккен екен. Олардың 9-ы жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілген. Дәрігерлер аяғы мен қолы сынған екі адамға шұғыл операция жасаған. Еліміздің сыртқы істер министрілігінің мәліметінше барлық туристерде медициналық сақтандырулары бар. Жалпы, Пхукет аралы - шетелдік туристер жиі баратын орынның бірі. Ондағы аспалы жолмен жыл сайын мыңдаған адам жүріп өтеді.