Танымал диктор Тыныс Өтебай қайтыс болды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Диктор, тележурналист, КСРО телерадиосының үздігі Тыныс Өтебай 73 жасқа қараған шағында өмірден озды. Телеарнаға 60 -жылдардың аяғында келген Тыныс Өтебай тек диктор емес, еңбек жолында түрлі редакциялардың басшысы болды. 1944 жылдың 14 наурызында Ташкент облысы, Жоғары Шыршық ауданындағы Киік ата ауылында дүниеге келген. 1967 жылы Өзбек радиосында диктор болып тұңғыш қазақ бағдарламасы «Замандасты» ашуға атсалысып, Өзбек теледидарына ауысты. 1971 жылдан «Қазақстан» телерадио комитетінде диктор, бас редактор, директор, комитет төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін атқарып келді. Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты атанған.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
05.11.2026 08:10
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
06.11.2026 08:10
Қарызды төлей алмасаңыз, берешекті реттеудің қандай жолдары бар
06.11.2026 10:34