Таразда мас полицей достарын пышақтап тастады

Таразда мас полицей достарын пышақтап тастады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Таразда мас полицей достарын пышақтап тастады. Қанды оқиға түнгі уақытта қаладағы мейрамханалардың бірінде болды. Ішімдікке сылқия тойып алған Үмбетәлиев есімді тәртіп сақшысы бір дастархан басында отырған жолдастарымен керісіп, ұрыс соңы төбелеске ұласқан. Кейін ол таныстарына пышақ сілтейді. Салдарынан 1 адам жараланып, ауруханаға жеткізіліпті. Ол - аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының бөлім басшысы екен. Осы оқиғадан кейін күдікті дереу із сутады. Аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Куәгерлерден жауап алынуда.                                                                                          

«Болған оқиға бойынша қызметтік тергеу жүргізілді. Оқиға орнына барған ІІМ бірінші орынбасары Марат Демеуов тәртіп комиссияның отырысын өткізді. Комиссияның шешімімен өңірлік ІІД-нің басқарма басшылары Үмбетәлиев пен Бектұрғанов теріс қылықтары үшін Ішкі істер органдары қатарынан шығарылды, ІІД-нің бастығының екі орынбасары лауазымдарынан босатылды. Ал департамент бастығының бірінші орынбасарына қатаң сөгіс жарияланды», - деді ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас САДУБАЕВ.


Новости партнеров