Таразда тәртіп сақшылары 2 күндік рейдтің арқасында есірткіге тәуелді үш адамды анықтады. Бұл жыл сайын жүргізілетін арнайы операция аясында жүзеге асып отыр. Жедел іздестіру шарасы тұрғындар арасында нашақорлыққа тосқауыл қойып, сондай-ақ, заңсыз айналымдағы есірткі өнімдерін жоюды көздейді.
Тәртіп сақшылары рейдті ымырт жабылғанда іші қыза түсетін ойын-сауық мекемелерін аралаудан бастады. Бұл түні 22-ге жуық көңіл көтеретін орталыққа бас сұғу жоспарланған. Тексеру барысында полицейлер есірткі қылмысының үш бірдей фактісін анықтады. Сорақасы сол, жазғы кафелердің бірінде 26 жастағы азаматша есірткіні еліріп, емін-еркін пайдаланып отырған.
Жамбыл облысында соңғы уақытта есірткі жинауға, сатуға қатысты бірнеше деректер бойынша қылмыстық іс қозғалған. Облыстық Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы мен Есірткі бизнесіне қарсы күрес тобының қызметкерлері «Көкнәр – 2018» жедел іздестіру операциясы барысында
мейрамханада есірткі пайдаланған екі азамат ұсталды. Мамандар бүгінде есірткі бизнесі өңірде өршіп тұр дейді.
«Көкнәр жедел іздестіру шарасы аяқталғанша алдағы уақытта әлі талай көптеген қызметкермен бірігіп түрлі іс-шаралар ұйымдастырамыз деген ойдамыз. Осындай іс-шараларды көбейту арқылы жұмыс барысын жандандарымыз деп ойлаймыз», – деді Тараз қаласы Есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің бөлім басшысы Жомарт МӘМБЕТОВ.
Күнделікті өмірдің күйбеңімен жүріп елемегенімізбен, есірткінің кеселі келер ұрпаққа кесірін тигізіп келеді дейді құзырлы орган өкілдері. Әйткенмен, қаншалықты тексеріс, рейд жұмыстары жүргізілсе де, аталған аймақта нашақорлықтың алдын алу ақсап тұр.
Жадыра Омаржан, «Алматы» телеарнасы