Тарбағатайдан тағы бір «Алтын адамның» табылғаны расталды

Тарбағатайдан тағы бір «Алтын адамның» табылғаны расталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Дәл қазір Өскеменде Тарбағатай ауданының Елеке сазы жайлауында жүргізілген археологиялық зерттеулердің алғашқы нәтижелері БАҚ өкілдеріне таныстырылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл - Шығыс Қазақстан жерінен табылған бесінші «Алтын адам». Қазба жұмыстарына жетекшілік еткен академик Зейнолла Самашев табылған «Алтын адамның» еш бүлінбегенін айтады. Барлық алтын бұйымдар сол күйінде сақталған.

«Бұл – біздің заманымызға дейінгі VIII ғасырға жататын Ерте сақ дәуірінің мұрасы. Есік қорғанынан табылған «Алтын адамнан» да көне. Екеуінің арасында 3 ғасыр айырмашылық бар. Осылайша араға 50 жыл салып қазақ даласынан екінші рет тоналмаған «Алтын адам» табылды» - дейді археолог.

Елеке сазында жерленген адамның жасы 16-17 жас мөлшерінде деген болжам бар. Оның қасына ересек адам қойылған екен. Археологтың айтуынша, ол қатты тонауға түскен.

«Ал бозбаланың мүрдесін тонаушылар байқамаса керек» – дейді ғалым.

Еске сала кетейік, осыған дейін де Шығыс Қазақстанда Алтын адамның қаңқасы табылған еді.


Новости партнеров